Степногорск пен Көкшетаудағы жылу желілері жөнделеді

  • 9
  • 20.05.2026, 19:38

Үкімет резервінен Степногорск пен Көкшетаудың жылу желілерін жөндеуге 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражаттың негізгі бөлігі Степногорск қаласындағы 7,5 шақырым құбырды жөндеу жобасын аяқтауға жұмсалады. Қалғаны облыс орталығындағы нөмірі 1-ші және нөмірі 2-ші қазандықтарды қалпына келтіруге бағытталады. Былтыр ел бойынша 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. 323 шақырым жылу желісі жаңартылды. Нәтижесінде ескі жылу-электр орталықтарының бесеуі «қызыл аймақтан» «сарыға», тағы үшеуі «сарыдан» «жасыл аймаққа» көшірілді.   

Елдос Рамазанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

-2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа облыстық бюджеттен отын сатып алу және жөндеу жұмыстарын жүргузі шығындарын қоса алғанда, 15 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды.