Елордада «Мәдениет және инновациялар» атты республикалық форум өз жұмысын бастады. Креативті индустрия, бизнес және технологиялық компаниялармен байланыс, жаңа жобаларды іске асыру, заманауи өнімдер жасау мәселелері сөз болды. Жиынға ел өңірлеріндегі кітапханалар, музейлер, архивтердің өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты. Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі оқылды. Форумға жиналғандар цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдарын енгізу, шығармашылық бастамаларды ілгерілету жайын талқылады. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатқан форумның маңыздылығын атап өтті. Ауқымды шара 21 мамырға дейін жалғасады.