Алматыда кене шаққандар саны күрт артты

  • 6
  • 19.05.2026, 19:49

Алматыда кене шаққан 2 мыңнан аса адам көмекке жүгінген. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 11 процентке көп. Зардап шеккендердің жартысына жуығы - балалар. Биыл кене ерте оянған. Алматының маңы иксод кенесі кең тараған эндемиялық аумаққа жатады. Бұл кене энцефалиті мен кене боррелиозын тасымалдайды. Қауіпті дертті жұқтырып алмау үшін ең дұрыс амал вакцина салдыру. Кене шақса, төрт күннен асырмай медициналық көмекке жүгіну қажет. Мамандар сондай-ақ, тауда, орманда, саябақтар мен алаңқайларда серуендеп жүргенде сақ болуға кеңес береді. 

Алмаш Ахметова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы: 

-Ағымдағы жылы кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелді. Осы науқастар ем қабылдауда. Екі жағдайда да науқастар Алматы облысының аумағында біреуі Талғар ауданында, екіншісі Түрген шатқалында демалуға барған кезде кене шаққан. Вакцина 16 жастан және одан асқан адамдарға кене энцефалитіне қарсы белсенді иммундау үшін көрсетіледі.