Жезқазғанда 20 жыл қаңырап бос тұрған бұрынғы тігін фабрикасы мемлекет меншігіне қайтарылды. 17 мың шаршы метр аумақты алып жатқан алып ғимарат өңірге келген инвесторлар мен кәсіп иелеріне қызмет көрсететін орталыққа айналады. Жоба құны - 4,2 млрд теңге. Оның 15 пайызын жеке инвестиция құрап отыр. Ғимарат жөнделіп, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.