Семейде оқушыларға тегін футзал үйірмелері ашылады

  • 4
  • 25.05.2026, 20:00

Қала прокуратурасының бастамасымен 50 балаға квота бөлінді. Бұл жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларының бірі.

Жыл басынан бері мектеп оқушыларының қатысуымен 29 құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде ұрлық пен төбелес деректері де бар. Осыған байланысты прокуратура мен құзырлы органдар 8-11-сынып оқушыларымен кездесті. Жиынға 350-ге жуық оқушы қатысты. Оларға заң алдындағы жауапкершілік түсіндіріліп, салауатты өмір салты насихатталды.