Горький театрына ұлттық мәртебе берілді

  • 9
  • 27.05.2026, 19:58

Еліміздегі Максим Горький атындағы орыс драма театрына ұлттық мәртебе берілді. Бұл туралы бірер күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау салтанатында айтқан болатын. Ұлттық мәртебенің берілуі өнер ордасының бір ғасырдан аса тарихи жолын жоғары бағалау. 1899 жылы негізі қаланған Горький театры өз мектебін, көрерменін сақтай отырып, бүгінге дейін жетті. Елорданың басты мәдени алаңына айналған бұл театр өзінің 125-ші маусымын ашты.

Игорь Седин, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

- Жауапкершілік артып отыр. Бұл біздің театрға берілген ең жоғары мәртебе. Енді біз соған лайық болуымыз керек. Ұжым атынан көреременге биік шығармашылыққа ұмтыламыз деп уәде бергім келеді. Жаңа көрермендермен, жаңа қойылымдармен қатарымыз толығып, жаңашылдыққа қадам баса береміз деп ойлаймын.