Алматы облысында 23 шенеунік жұмыстан шығарылды

  • 6
  • 28.05.2026, 19:39

Алматы облысында жыл басынан бері құмаройынға әуестенген 23 мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында олардың букмекерлік платформалар арқылы онлайн бәс тіккені анықталған. 

Мамандардың айтуынша, мұндай әрекет мемлекеттік қызметшінің әдебі мен жауапкершілік қағидаттарына қайшы. Қазір өңірде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау күшейтілген. Билік өкілдері бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын ғана емес, мемлекеттік қызметкерлердің заң талаптары мен әдеп нормаларын сақтауын қадағалайды. 

Ділмұрат Сунатиллаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы: 

- Лудоманиямен күресу мақсатында мониторинг нәтижесінде онлайн букмекерлік кеңселер арқылы бәс тіккен 23 мемлекеттік қызметші лауазымдарынан босатылған болатын. Біздің басты мақсат – халық сеніміне ие болатын, тиімді және «Мемлекет адам үшін» қағидатына негізделген, адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.