Біріккен Ұлттар ұйымының Халықаралық бітімгерлер күнімен тұспа-тұс келеді. Осыған орай Алматыдағы Панфиловшылар саябағында салтанатты жиын өтіп, бітімгерлерге құрмет көрсетілді. 2014 жылдан бері 900-ден аса отандық әскери қызметші Біріккен Ұлттар ұйымының түрлі миссияларында шыңдалды. Олар Ирак, Ливан, Батыс Сахара, Голан жоталарында және әлемнің басқа да өңірінде міндет атқарды. Қазір Голан жоталарында үшінші ұлттық бітімгерлік контингент қызмет атқарып жатыр. Қазақстанның 139 әскери қызметшісі Израиль мен Сирия арасындағы даулы аумақта Біріккен Ұлттар ұйымының қақтығысты бақылап, тараптарды ажырату жөніндегі миссиясы аясында берілген міндеттерді орындап жатыр.
Жәнібек Нұрланов, екінші ұлттық бітімгерлік контингентінің командирі:
- Бір жылдағы тапсырма мыңға жуық тапсырма біз істедік. Оның ішінде патрульдеу, бекет посттарды қою. Және жергілікті тұрғындармен қарым-қатынаста болу әрқашан. Жарылғыш заттарды жойып, олардың мекенжайларын анықтап, жергілікті тұрғындарға ескерту.