Елде қазақ пен корей халықтарының тарихи байланысы мен достығын дәріптейтін «K-Park – Қазақстан-Корея» атты мәдени жоба іске асады. Негізінен Алатау қаласында жүргізу көзделіп отыр. Бастама екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 35 жыл толуына орай және кәрістердің қазақ жерінде қоныстанғанына 90 жыл болғанына арналған. Бүгінде Қазақстанда ұлттық болмысты сақтап, дамытуға барлық жағдай жасалған. Оның ішінде, корей тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік бар.
Герман Ким, Қазақстан кәрістері қауымдастығы қамқоршылық кеңесінің мүшесі:
- Қазақстанда барлық этностардың өз мәдениетін дамытуға, тілін және дәстүрін сақтауға құқығы бар. Келесі жылы біз «K-Park – Қазақстан -Корея» атты жобаны іске қосамыз. Қазірдің өзінде жаңа Алатау қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Саябақта Ұлы дала мен корей халқы арасындағы көне байланыс таныстырылады. Сонымен қатар онда кітапхана, корей театрлары және басқа да мәдени кеңістіктер ашылады.