Түркістандықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихы және мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Рухқа тағзым, тарихқа тағылым» атты кітап және тарихи құжаттар көрмесі өтті. Зұлмат жылдардың тарихи ақиқаты мен ел жадында сақталған қасіретті кезеңдер туралы архив қорындағы 630-дан астам мәлімет көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ архив құжаттары, тарихи әдебиеттер мен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер таныстырылды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған деректі фильм де көрсетілді.
Райхан Биназарова, Түркістан облысы мемлекеттік архивінің ғылыми қызметкері:
-Жүз жылдық тарихы бар Түркістан облысы мемлекеттік архивіндегі қорлар негізінде ұйымдастырылған көрмемізді алып келдік. Онда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың отбасына, жеке өміріне қатысты, 1956-57 жылдары көптеген азаматтар ақталды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шетел архивтеріне барып, көптеген құжаттарды зерттеп, көшірмелерін алып келдік.