Көкшетауда мердігер қамауға алынды

  • 7
  • 02.06.2026, 19:30

Көкшетауда 211 млн теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы қамауға алынды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше 2021 жылы Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мен мердігер ұйым әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 миллиард теңгеден асатын қаржыға келісімшарт жасаған. Бірақ мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттар ұсынған. Кейін тапсырыс беруші тарап 211 миллион теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары тоқтап қалған.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.