ШҚО-да орман және дала өрті өршіп тұр

  • 7
  • 02.06.2026, 19:31

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 2 айда 4 орман және 35 дала өрті болған. «Күн ысығалы өрт жиілеп кетті», дейді мамандар. Сондықтан алдын алу шаралары күшейтілді. Өңірде бүгін өртке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ірі орман алқаптарындағы қызыл жалынды сөндіру тактикасын пысықтады. Сценарий бойынша жылдамдығы секундына 15 метрге жететін қатты жел кезіндегі өрт сөндірілді. Сондай-ақ мамандар орман шаруашылығы қызметкерлерінің дайындығын тексеріп, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарын бағалады.

Исхар Савазов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Тактикалық оқу-жаттығу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен әуеден барлау жүргізу іс-қимылдары пысықталды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің МИ-8 тікұшағы пайдаланылды. Арнайы құрылғы арқылы 5 тоннаға дейін жоғарыдан су шашу мүмкіндігі қарастырылды.

Ердос Үмітов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

-Бұл Төтенше жағдай министірлігі мен орман шаруашылығы мекемелерімен ерекше қорғауға алынатын табиғи аумақтар. Осы ШҚО бойынша 13 орман шаруашылық мекемесі бар, 3 ерекше қорғалатын табиғи аумақтық мекемелер бар.