Қостанай облысында егіс науқаны аяқталуға жақын

  • 8
  • 02.06.2026, 19:37

Қостанай облысында көктемгі егіс науқаны екі-үш күнде аяқталады. Өңірде 5 миллион гектар алқаптың 95 процентіне дәнді дақылдар себілген. Егін шаруашылығын қараша айынан бастап ертерек қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде диқандар керек-жарағын алдын ала қамдап, науқанға сақадай-сай келді. Дайындалған 514 мың тонна астық тұқымының басым бөлігі жоғары сапалы. Қазір шаруалардың көбі элиталық тұқым себуге ден қойған.    

Кенжеғозы Жұмандықов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

-Былтыр мынау тұқым айырбастау бойынша 11 пайыз құраған биылға міне 12,5 пайыз жоспарланып отыр. Бізде мынау элиталық тұқым 64,5 мың тонна биылғы егіс науқанына дайындалды. Жердегі ылғал қазір жеткілікті. Енді әрі қарай маусым айында, шілде айындағы ауа райы көрсетеді. Ауа райы қолайлы болып, жаңбыр болса, егініміз жақсы шығама деп үміттеміз.