Алматы циркінің әртістері колонияда өнер көрсетті

  • 7
  • 02.06.2026, 19:26

Алматы циркінің әртістері кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған колонияға барып, өнер көрсетті. Ондағы үлкен-кішіге ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл мекеме өткен жылдың соңында ашылған. Қазір колонияда 14 пен 18 жас аралығындағы 90-ға жуық жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Олардың көпшілігі ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған. Мамандардың айтуынша, мекемедегі басты мақсат – жазалау емес. Керісінше, сотталғандарды оңалтуға басымдық беріледі. Олар орта білім алуды жалғастырады. Сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтарды игереді. Мұндай шаралар жасөспірімдер бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға тез бейімделуіне септігін тигізеді.

Шынар Құсайынова, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бас маманы: 

- Балаларды әлеуметтендіруге, балаларды тәрбиелеуге осы осы мекемеден бас бостандығынан айыру орнынан шыққаннан кейін, өзін тезірек, ойын өзгерту үшін, жаңағы ол қылмыс жасап келген бала ғой, ойын өзгерту үшін біз барлық кешенді шараларды өткіземіз.