Шымкент қаласында 200-ге жуық мектепішілік лагерь ашылып, жұмыс істей бастады. Ірі мегаполисте тұратын оқушалардың жазғы демалысты қызықты өткізуіне барынша жағдай жасалған. Олардың бос уақытын тиімді пайдалану мәселесі де назардан тыс қалмақ емес.
Шымкентте биыл 245 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Мектепішілік лагерлер қаладағы барлық білім беру мекемелерінде ашылды. Онда баларға арналған түрлі экскурсия мен спорттық сайыс, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Оқушалар музей мен саябақтарға, кинотеатрларға да барады.
Қуаныш Ысқақов, қалалық білім басқармасының басшысы:
-Оның 225 мыңға жуығы мектеп алдындағы мектепішілік лагерлерде ұйымдастырылуда демалыс. Одан бөлек он мың балаға арналған демалыс бізде төрт лагерьде ұйымдастырылуда. Ол мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз атанған. Ол Түлкібас ауданында, Төле би ауданында, Шымкент және Кентау қаласындағы жазғы демалыс лагерлерінде ұйымдастырылады.
Фатима Асылбекова, бастауыш сынып мұғалімі:
-Бос уақытты ұйымдастыру біздің міндетіміз деп есептейміз. Сондықтан біздің балаларымыз жазғы лагерьге қуана-қуана келіп жүр. Оларды біз жаңағы табиғатты сүюге, қаланың көрікті жерлерін көрсетуге әртүрлі іс-шаралар жасаймыз. Спорттық ойындар ойнаймыз. Олардың әр күнін, әр уақытын көңілді өткізуге тырысамыз.
Ал жоғары сынып оқушылары үшін арнайы жоба әзірленіп, жүзеге аса бастады. Сабина Әбдіхайым педагогикалық білім беретін университетте болып, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.
Сабина Әбдіхайым, оқушы:
-Біз әр келген сайын жаңа ақпараттар, жаңа технологияларды біліп жатырмыз. Әсіресе бұл жердің информатика пәнінің роботтары бар. Көптеген компьютерлері бар, өте әсерлі. Маған өте қызық, өйткені бұл жерде қызығарлықтай заттар бар, өте әдемі.
Оқушыларға университет қабырғасында оқу үдерісі мен заманға сай технологиялар таныстырылып, шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. «Ол жас жеткіншектердің мамандық таңдауына жол ашады»,- дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.
Ардақ Айбарұлы, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов