«Бәйтерек» холдингі 3 жылдық жоспарын бекітті

  • 6
  • 03.06.2026, 19:31

«Бәйтерек» холдингін орнықты дамыту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы ұйымның директорлар кеңесінің отырысында белгілі болды. Құжат «жасыл» және тұрақты қаржыландыру құралдарын жетілдіруді, корпоративтік басқарудың ашықтығы мен сапасын арттыруды көздейді. Әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, кадр саясатын жетілдіру және үздік халықаралық ESG-тәжірибелерді енгізу де басым бағыттар қарына енген. Қазіргі уақытта холдинг БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатының 15-ін ескерген. Ал биыл елдегі кәсіпкерлік пен агарлық саланы дамытуға жалпы сомасы 3 трлн теңге қолдау көрсетіпті.