Алматыда 11 аспалы жол салынады

  • 6
  • 03.06.2026, 19:33

Almaty SuperSki жобасы дайындық кезеңінен нақты жүзеге асыру сатысына өтті. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. Жиында жобаның негізгі нысандарын жобалау және салу бойынша бірқатар шешім қабылданды. Ашық конкурс арқылы халықаралық жетекші компаниялар анықталыпты. Жоспар бойынша түрлі типтегі 11 аспалы жол салынады. Оның құрылысын әлемнің 90 елінде 8 мыңға жуық жобаны жүзеге асырған француз компаниясы жүргізеді.  Конструкцияларды жобалау, құрылысты үйлестіру жұмыстарына Канада мен АҚШ компаниялары тартылған.

Ержан Еркінбаев, Kazakh Tourism Development Ltd ЖК бас атқарушы директоры:

-Almaty SuperSki жобасының ғимараттары экологиялық тәсілмен жүзеге асырылатыны белгіленген болатын. Негізгі қаңқасы ағаштан жасалады. Енді құрылысты бастайын деп жатырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша Almaty SuperSki жобасы 2028 жылдың желтоқсанында туристер үшін есіктерін ашады.