Электр энергиясының профициті тіркелді

  • 7
  • 03.06.2026, 19:35

Қазақстанда электр энергиясының профициті 300 млн кВт/сағаттан асты. Биылғы жылдың бес айында елімізде 53,6 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілсе, оның 53,3 млрд кВт/сағ тұтынылған. Демек ішкі сұраныс толық қамтамасыз етіліп отыр. Десе де биыл 4 газ электр станциясын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар 4 жел, 5 күн және 1 су электр станциясы салынады. Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылы елдегі энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.