Қазақстан ЖИ қолдану бойынша ТОП-30 елдің қатарына енді

  • 6
  • 03.06.2026, 19:50

Қазақстан жасанды интеллектті қолдану деңгейі бойынша әлемнің ТОП-30 елі қатарына енді. Бұл туралы OpenAI делегациясының елімізге сапары барысында белгілі болды. Сарапшылардың мәліметінше, қазақстандықтар жасанды интеллект құралдарын көбіне кеңес алу, мәтін жазу және ақпарат іздеу үшін қолданады. Пайдаланушылардың басым бөлігі 18 бен 34 жас аралығындағы жастар. Кездесу барысында тараптар технологиялық мүмкіндікті білім беру саласынада қолдану мәселелерін талқылады. Жоспар бойынша Қазақстандағы 165 мың педагог арнайы әзірленген нұсқаға қол жеткізеді. Мамандардың айтуынша, бұл бастама еліміздің өңірдегі технологиялық көшбасшылық позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.