Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті

  • 9
  • 03.06.2026, 19:59

Жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру керек. Ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға басымдық берген жөн. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматыдағы Ұлттық орталық музейде ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар осылай деп пікір білдірді. Келушілерге Қазақстанның Тәуелсіздігі мен конституциялық дамуы туралы мәліметтер ұсынылды. Арнайы шақырылған қонақтар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, Заң үстемдігі, әділдік, теңдік қағидалары және ел бірлігін нығайтуға қатысты ойларын ортаға салды. «Бұл іс-шара азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталған маңызды мәдени бастама», - дейді музей қызметкерлері.

Арайлы Балаева, ҚР Ұлттық орталық музейінің директорының орынбасары:

-Еліміздің саясатына, Конституциямыздың дамуына, оның қалыптасуына үлесін қосқан ғалымдарды, қайраткерлерді шақыра отырып ,тек қана музейді мәдени жағынан емес, музей көрерменіне өзіміздің еліміздің дамуын, қалыптасуын, тәуелсіздігі туралы ақпарат беру, өскелең ұрпаққа осы біздің құндылықтарымызды жеткізу мақсатында ұйымдастырдық осы іс-шараны. Жалпы осындай бұл тақырыпта біздің арнайы өзіміздің экспозициямыз бар. Сол төртінші залдың түгелімен Қазақстан елінің тәуелсіздігіне арналған.