Күн ысығалы Шымкентте 80 адамды сарышаян шаққан. Оның жартысы ауруханаға жатқызылды. Аптапта улы жәндік көбейіп, тіпті, үйлерге кірген. Мамандардың айтуынша, сарышаян аяқкиімнің ішінде, төсек астында және ылғалды жерлерде тығылып жатуы мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн. Шағып алған жағдайда, жедел медициналық көмекке жүгіну керек. Себебі улану қаупі жоғары.
Мәдина Ермаханбетова, гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері:
- Көбінше сарышаян ұйықтап жатқан кезде адамды шағады. Далада жерде жатпау керек деп халыққа осындай нұсқамалық айтатын едік. Себебі ылғалды жерде жәндіктердің барлығы болуы мүмкін. Сол үшін 10-15 сантиметр биіктікте жатып, астымызға көрпешемізді төсеп, жерге жата салмауды бізде нұсқаулық ретінде беретін едік.