Алматыда бірден 4 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Себебі олар құрылыс талаптарын сақтамаған. Кейбір компанияларда қажетті өндірістік база болмаған. Оған қоса құрылыс барысы жобадан ауытқып кеткен. Әрі бақылаушы органдардың ескертулерін орындамаған. Тексеріс барысында осындай бірқатар кемшілік анықтады. Бұдан бөлек, бірінші санаттағы 214 құрылыс компаниясының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұл компаниялар кемшілікті түзетіп, қайта тексеруден өткеннен кейін ғана жұмысын жалғастыра алады.
Көкен Жарқынбек, қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
- «Сәулет құрылыс консалтинг» компаниясына осыған дейін бірнеше ескертулер беріліп, қазіргі таңда құрылыс өзінің лицензиясынан айырылды және жобалау барысында бірқатар ауытқулар жіберген SK BEST Story компаниясы да басқармамыздың жаңағы басқармамыздың шешімімен өз лицензиясынан айырылды.