Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары ЛРТ жолаушыларына тосынсый жасады.
Олар станса мен вагон ішінде патриоттық және халық әндерін шырқады. Өнерпаз жауынгерлер бұл іс-шараны Мемлекеттік рәміздер күніне арнап отыр. Жолаушылар да қосыла ән салып, ерекше көңіл күйге бөленді. «Мұндай акциялар арқылы жас буынның мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруды мақсат еттік», - дейді ұйымдастырушылар.
Гүлмира Аймағамбет, қала тұрғыны:
- Жұмыстан шаршап қайтып келе жатқан кезде керемет кештің куәсі болдық. Ұлттық ұлан сарбаздары халықтың көңілін көтеріп, патриоттық әндер орындап, елдің рухын көтерді деп ойлаймын.
Әділ Шағыров, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Ерлер хорының хормейстері:
- Флешмобымыз ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналады. Барша қазақстандықты келіп жеткен мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!