Түркістан облысында алимент төлеуден жалтарғандардың берешегі 12 миллиард теңгеге жеткен. Прокурорлар қарызды мәжбүрлеп өндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегенін және мүлкіне шектеу қойылмағанын айтып, сот орындаушылардың жұмысын сынға алды. 81 борышкердің өз балаларына қимаған 113 миллион теңгеден астам қаржыны букмекерлік кеңеселерге салып жібергені анықталды.
Сәкен Сейілханов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
- Алимент өндіру саласындағы нақты мысал ретінде 2,6 млн теңге берешегі бар азаматша Исаеваның жағдайы қаралды. Ол 2024–2026 жылдары аралығында 46 рет арызданған. Тек облыстық прокуратураның араласуынан кейін борышкерге 3 тәулік әкімшілік қамау жазасы қолданылып, нәтижесінде 380 мың теңге қарыз өтелді. Қалған берешек кезең-кезеңімен өндірілуде.