Биыл ақылы жолдармен 28 миллионнан астам көлік қатынаған

  • 6
  • 04.06.2026, 19:49

Елімізде жыл басынан бері ақылы жолдармен 28 миллионнан астам көлік қатынаған. Ең жоғары қарқындылық әдеттегідей қалаларды, шекаралық өткізу бекеттерін, өнеркәсіптік және туристік аймақтарды байланыстыратын бағыттарда байқалып отыр. Соның ішінде Алматы – Қонаев учаскесі көш басында тұр. Биыл бұл бағыт бойынша 4,3 миллион темір тұлпар қатынаған. Шымкент – Өзбекстан шекарасы мен Шымкент – Тараз  бағыты да  жүктемесі жоғары жолдардың қатарында.

Бұдан бөлек, қозғалыс көлемі миллионнан асқан бағыттарға Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда, Қонаев – Талдықорған, Астана – Теміртау, Астана – Щучье, Тараз қаласының айналма жолы және Алматы – Қорғас тасжолдары қосылған.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде жалпы ұзындығы 4 883 шақырым республикалық маңыздағы 26 ақылы жол учаскесі бар.