БҚО-да полигоннан медициналық қалдықтар табылды

  • 7
  • 08.06.2026, 19:46

Батыс Қазақстан облысында полигоннан шприц, биоматериалы бар сынауықтар мен медициналық қалдықтарға толы қаптар табылды. Қауіпті заттар Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс ауылындағы қоқыс алаңынан анықталды. Ал оның бір бөлігі су айдынының маңына көмілген. Ауыл тұрғындарының шағымынан кейін, елді мекенге полиция қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиялогиялық департамент мамандары барып, аумақ қоршауға алынды. Зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Олардың айтуынша, тәркіленген медициналық қалдықтардың салмағы 144 келіден асқан. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.  

Гүлдана Кереева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

-Санитарлық-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштерге топырақ сынамалары алынды. Алдын ала нәтижелерінің шығу уақыты 3-7 күн. Сонымен қатар біздің мамандармен бүгінгі таңда осы медициналық қалдықтардың жатқан жері хлор өнімі бар препараттармен залалсыздандырды. Аталған медициналық қалдықтар құқыққорғау органдарымен мөрленіп, шаруашылық судъектісіне сақталуға берілді.