Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жарияланбақ. Ол бойынша тиісті заң жобасы дайын. Құжатқа сәйкес, орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша сотталғандардың жазасын жеңілдету, кейбірін босату көзделген. Сонымен қатар елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасау жоспарлануда. Бұл бойынша бірқатар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша салынған айыппұлдарды кешіру қарастырылған.
Сарапшылардың пайымынша, рақымшылық жарты миллионнан астам азамат пен кәсіпкерге әсер етуі мүмкін. Сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм және өзге де ауыр қылмыс жасағандарға амнистия қолданылмайды. Тұрғындар бұл бастама туралы не ойлайды? Сауалнамаға зер салайық.
Блиц-сауалнама:
- Әрине, дұрыс қой, иә. Көмек болған әрине, жақсы ғой. Менің ойымша, солай. Егер де ол кісінің кінәсі жоқ болса, енді болады ғой, әртүрлі жағдай, онда неге жасамасқа. Иә, жеңілдік жасау керек деп ойлаймын.
- Жеңілдіктердің қарастырылуын қолдаймын.
- Енді кейбіреулер жағдайына байланысты қазір төлей алмай жатыр ғой. Қазіргі штрафтардың бағасы да аз емес. Сондықтан өте дұрыс деп ойлаймын.