Туризмге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды

  • 9
  • 10.06.2026, 19:35

Туризм саласына тартылған инвестиция 1,3 триллион теңгеден асты. Былтыр қонақүйлер 10 миллионнан астам туристі қабылдаған. Оның 8,7 миллионы - ішкі туристер. 2029 жылға дейінгі тұжырымдама аясында олардың санын 11 миллионға дейін жеткізу көзделген.

Қазақстанға бір жылда 15,7 миллион шетел азаматы келсе, оның 11 миллионнан астамы туристік мақсатта сапарлаған. Бүгінде 4 мыңнан астам орналастыру орындары бар. Алдағы жылдары 11 өңірде әлемдік деңгейдегі 24 қонақүй салу жоспарланған. Ал биыл Қонаев, Алакөл, Балқаш, Маңғыстау, Бурабай және Баянауылдағы туристік нысандар жаңғыртылып жатыр. 

Нұрбол Байжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Биыл жағажай курорттық аймақтарын дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Тиісті жол картасы қабылданып, ол 114 шараны қамтып отыр. Оның аясында биыл Жетісу облысында жағажай толығымен абаттандырылып, Балқашта жаңа жағажай пайда болады.