Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушысы 165 тонналық вагонды сүйреп, ел рекордын жаңартты. Құрманғазы ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің командирі Ерсейт Бралин салмағы 165,2 тонна теміржол вагонын 9 метрге дейін тартып апарған. Алып та абыройсыз емес. Оған КИнЭС-2026 Қазақстан рекордтар кітабының батыры атағы берілді. Сондай-ақ арнайы сертификат табысталды. Ат мінгізіп, шапан жабылды. Айта кеткен жөн, бұған дейін ол салмағы 94 тонналық вагонды орнынан қозғаған болатын.