Алматыға бір дөңгелекті велосипедпен әлемді шарлап жүрген саяхатшы келді

  • 8
  • 11.06.2026, 19:59

Алматыға әлемді бір дөңгелекті велосипедпен шарлап жүрген саяхатшы Шахриёр Азизов келді. Соңғы 1,5 жылдың ішінде ол сегіз елді аралап үлгерген. Қазірдің өзінде жиһанкез алты мың шақырымды еңсерген. Оның ерекше сапарын әлеуметтік желіде 200 мыңға тарта адам бақылап отыр. Жиһанкез Түркия, Грузия, Армения, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдерді артта қалдырған. Енді ол Қазақстан арқылы Қытайға бет алмақ. Алдағы уақытта Австралия, Солтүстік Америка және Еуропаға дейін жетемін деген жоспары бар. Жиһанкездің айтуынша, сапар барысында көп адаммен кездескен.  

Шахриёр Азизов, саяхатшы:

-Жолға шыққалы 579 күннің ішінде мен шатырда небәрі 12 рет түнедім. Көбіне кездестірген адамдар үйіне шақырады. Әсіресе, Қазақстан халқы қонақжай, көңілі дархан. Барын бөліп береді. Жалпы қай елге барсам да, мені өздеріне жақын көреді. Ықылас ілтипатын білдіріп жатады.