Елде ЖИ-ге арналған ірі жоба іске аспақ

  • 9
  • 15.06.2026, 17:32

Деректерді өңдеу орталығы жобасына 10 млрд доллар инвестиция тартылып, соңғы буындағы 100 мың GPU чип негізінде ауқымды есептеу кластері құрылады. Firebird компаниясының бас директоры Размик Овакимян бұл бастама Қазақстанды әлемдегі жетекші он цифрлық мемлекеттің қатарына қосатынын айтты. Ал NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянның пікірінше елімізде ақылды зейінді дамыту үшін энергия қоры жеткілікті. Сондықтан мүмкіндік көп. Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Жаслан Мәдиев жоба жүзеге асқан жағдайда 3 миллиард доллар экспорттық пайда әкеледі деп отыр. Әрі жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның Еуразиядағы маңызды цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік беретінін айтады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
-
Бірлескен жобаларды іске асыру еліміздің есептеу әлеуетін нығайтуға, экономиканың түрлі салаларына ЖИ енгізуге жеделдетуге, сондай-ақ отандық әзірлеушілер ғылыми зерттеулер мен технологиялық стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Басты мақсат - Қазақстанда Еуразиядағы ең ірі цифрлық кластерлердің бірін қалыптастыру. Бұл жоба есептеу ресурстарына қолжетімділікті арттырып, жасанды интеллект технологияларын енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Инвестиция тартуға, инженер мамандарды даярлауға, стартаптарды қолдауға және жаңа цифрлық сервистерді дамытуға да жол ашады. Кездесу қорытындысында жалпы құны 10 млрд доллар болатын ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды. Құжаттар жасанды интеллект экожүйесін дамытуға және «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы:
- Осы ЖИ кластері ол дүниежүзілік алып технологиялық компанияларға қызмет көрсететін болады. Бұл жалпы Қазақстанға не береді? Бұл біздің көмірімізді цирфлық қызметке айналдыруға көмектеседі. Яғни көмірден электр энергия пайда болады. Электр энергияны пайдаланып, сол орталықтар жұмыс істейді. Орталықтардың қызметі алып компаниялардан ақша тартады. Яғни бізге толыққанды экспорттық кіріс Қазақтелекомға және осы комапнияға экспорттық кірістер еледі.