Шығыс Қазақстанда 60 ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ. Көбі шалғайдағы елді мекендер. Оның біразында халық саны аз. Енді бірі географиялық жағынан күрделі жерде орналасқан. Мысалы, Зайсан ауданындағы Шалқар, Жаңа Тұрмыс, Үлкен Қаратал, Қосқора, Аққойын елді мекендері цифрлық технологиянын игілігін көре алмай отыр. Қазір мамандар интернет тартудың тиімді жолдарын қарастырып жатыр.
Әйгерім Жағалбаева, облыстық цифрландыру басқармасының бас маманы:
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес-шекара шебіндегі ауылдарды интернет желісімен қамту басты мақсат. Сондықтан Зайсандағы алты шекаралық елді мекенді талшықты оптикалық байланыс желісімен жабдықтауды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні салалық мекеме өкілдері қажетті материалдарды алып жатыр. Сонымен қатар топографиялық зерттеулер де жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері облыста 19 ауыл ғаламтор желісімен қамтамасыз етілді.