Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес науқаны аяқталып келеді. Осы күнге дейін жоспарланған аумақтың 98 пайызы толық тазартылды. Биыл 75 ауылдық округтегі жерді зарарсыздандыру көзделген. Зиянкестердің көзін жою үшін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті мөлшерде сатып алынды. Бұл жұмысқа 3 ұшақ, 6 жерүсті агрегаты, 5 агродрон және арнайы газ генераторлары жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, биыл аса қауіпті азиялық шегіртке мен итальяндық прустың саны былтырмен салыстырғанда 30 пайызға азайған.
Мұхтар Оразбаев, аумақтық инспекция басшысы:
-Бүгінгі таңда кең таралған итальялық прус шегіртке тектес зиянкестері Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария ауданында қоныстанған, қазір 100 пайыз химиялық өңдеуден өткізілді. Жалпы бүгінгі таңда шегіртке тектес зиянкестермен күрес облыста тоғыз штаб құрылған. Химиялық өңдеу жұмыстарына бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір ахуал тұрақты.