Алматыдағы «Жас Отау» неке сарайы әкімдікке қайтарылады

  • 7
  • 16.06.2026, 19:37

Алматыдағы «Жас Отау» неке сарайы қайта жаңғыртудан өтуі тиіс еді. Қала әкімдігінің мәліметінше, ғимарат 2024 жылы серіктестікке сенімгерлік басқару шарты бойынша басқаруға берілген. Бірақ осы уақытқа дейін жөндеу жұмыстары басталмаған.

Айта кетейік, нысан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген. Келісімшарт негізінде басқарушы компания оны қалпына келтіруге 1 миллиард теңгеден астам қаржы салуы тиіс болған. Алайда ғимараттың қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Бұрынғы азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесінің іші құрылыс материалдары мен қоқысқа толып жатыр. Осыған байланысты Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы келісімшартты бұзу рәсімін бастады.иТек содан кейін ғана «Жас Отауды» қайта жаңғырту жұмыстары қала бюджеті есебінен жүргізілмек. Алайда құрылыстың нақты қашан басталатыны белгісіз.

Мақпал Ишенова, Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының бас маманы:

- Серіктестіктің қарызды белгілілі бір шартқа сәйкес өтей алмауына байланысты Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасымен шартты бұзу рәсімдері жүргізілуде. Сол бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Алматы қаласының әкімдігі бұл обьектіні өзінің коммуналдық меншігіне қалдыруды көздеп отыр және де сол жерге жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.