ІІМ үй аумағында көлік қоюға қатысты ресми түсініктеме берді

  • 10
  • 16.06.2026, 19:46

Бірінші шілдеден бастап автокөлікті аулаға қою тәртібі өзгереді. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат фейк болып шықты.

Ішкі істер министрлігі осыған қатысты ресми түсініктеме берді. Ведмоства өкілдерінің хабарлауынша, көлік құралдарын тоқтату мен тұраққа қоюға қатысты талаптар бұрынғыдай өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар көлік құралдарын гүлзарларға, көгалдарға, балалар және спорт алаңдарына қоюға тыйым салу жөніндегі нормалар қазір қолданыста бар екенін ескертті.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жолда барынша мұқият әрі сақ болуға, өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға шақырды.