Алматыдағы криминогендік ахуал тұрақты

  • 9
  • 16.06.2026, 19:42

Жыл басынан бері қалада пәтер ұрлығының саны 26 процентке азайған. Сондай-ақ автокөлік пен ұялы телефон ұрлау дерегі де төмендеген.

Қалалық полиция департаменті басшылығының мәліметінше, қылмыстың басым бөлігін басқа өңірден келген азаматтар істейді. Сонымен қатар ауыр қылмыстар көп жағдайда мас күйде жасалады. Мұндай құқықбұзушылық көбінесе үйде немесе ойын-сауық орталықтары маңында тіркеледі.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Алматы еліміздің ең ірі шаҺары болғандықтан, қаржы және мәдениет орталығы болғандықтан көптеп шетел азаматтары келеді. Әрине, олар кейде өздері қылмыс жасайды. Ал кейде өздері қылмыстың обьектісі болады. Сондықтан полицияға жүгінген сәтте оларға дер кезінде көмек көрсетіледі. Мысалы, шетел тілдерін жақсы меңгерген азаматтар да жұмыс істейді. Бізде туристік полиция бекеттері жұмыс істейді.