БҚО-да ауыл әкімі қызметінен қуылды

  • 9
  • 17.06.2026, 19:37

Батыс Қазақстан облысында алкогольді ішімдік ішіп, рөлге отырған әкім қызметінен шеттетілетін болды.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департаменттің Әдеп кеңесі Ақжайық ауданы әкімдігіне осындай ұсынба жолдады. Заңбұзушылық 12 наурыз күні тіркеліпті.

Ащы су ішті деп танылған Чапаев ауылының әкімі қызметтік көлікті өзі тізгіндеген. Тәртіп сақшылары әкімді 15 тәулікке қамап, 7 жылға көлік жүргізу құқынан айырыпты. Мемлекеттік қызметші жарты айдан кейін босап шығып, әкімдік қызметін жалғастыра берген. Мемлекеттік қызмет істері департаменті әкімшілік құқық бұзушылықты сот шешімдеріне мониторинг жасау кезінде анықтапты. 

Мұрат Байсалов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департамент басшысы:

- Аталған тұлға тәртіптік жазасы бола тұра қызметіне толық сәйкес еместігі түріндегі Әдеп кодексінің талаптарын сақтамай, оның бұзылуына жол берген. Аталған тұлғаға қатысты мәселе бүгін Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Нәтижесінде оны қызметінен шығару туралы шешім қабылданды.