Жазғы Kaspi Жұманың басталуына санаулы сағаттар қалды

  • 10
  • 17.06.2026, 19:49

Жазғы Kaspi Жұманың басталуына санаулы сағаттар қалды. Kaspi сүйікті клиенттеріне 4 күн бойы тиімді сатып алу мерекесін сыйлайды. Бұл жолы қазақстандықтарға тойға дайындалуға, үйге жөндеу жасау, сапалы демалыс пен жеке кәсіп бастау, керек десеңіз, үй құрылысын қолға алуға мүмкіндік бар. Kaspi мен серіктестері, оның ішінде көптеген отандық өндірушілер, сатып алушыларға барынша тиімді әрі бірегей ұсыныстар әзірлеп отыр.

Kaspi мен оның серіктестері қазақстандықтарды тағы да таңғалдыруға дайын. Елдің түкпір-түкпірінде қызу жұмыс жүріп жатыр. Қазақстандық өндірушілердің Kaspi Жұма кезінде сатылымы бірнеше есеге артады, тиісінше өндіріс көлемі ұлғаяды, қосымша қызметкерлер жұмысқа шақырылады.

Алматыдағы бұл зауытта кірпіштің заманауи баламасы – полистиролбетон шығарады. Аталған материалдан жасалатын үйлердің ерекшелігі сол, қосымша жылытуды қажет етпейді. Алдағы Kaspi Жұмада өзінің жеке үйін салуды армандап жүрген клиенттер құрылыс бастауға қадам жасай алады.

Сержан Асылбеков, «Полистиролбетон орталығы» компаниясының бас директоры:

- Kaspi Жұма Қазақстанның барлық өндірістеріне керек деп ойлаймын. Өйткені өндіріске де көп пайда әкеледі. Қарапайым халыққа да өте ыңғайлы. Kaspi Жұма уақытында біздер клиенттерімізге сыйлық ретінде блоктарды қалайтын клей қосып береміз. Үй салуды армандап, жоспарлап жүрген адамдарға Kaspi Жұма арқылы бастап кетуге үлкен мүмкіншілік болады.

Kaspi Жұмаға «ProKitchen» компаниясы да белсенді дайындалуда. Кәсіпорын ел аумағындағы филиалдардың барлығында дерлік команда ұжымдарын күшейтті. Зауытта тот баспайтын болат кесінділерінен кәсіби асүй жабдықтары жасалады. Компания өкілдерінің айтуынша, Kaspi Жұма – клиенттер үшін өз кәсібін бастауға тамаша мүмкіндік. Мысалы, жартылай дайын өнімдер өндірісін жолға қоюға немесе үй жағдайында кондитерлік өнімдер пісіріп, табыс табуға болады.

Руслан Нуржанов, «ProKitchen» компаниясының негізін қалаушы:

- Адамдар арнайы Kaspi Жұманы күтеді. Kaspi Жұма уақытында осы жабдықтарды алып, кондитерлік өнімдер, нан пісіреді немесе жартылай фабрикаттар жасап, пайдасын көреді. Kaspi Жұма оларға көмектеседі. Көбі осымен қолданады. Үйде отырған аналарымыз, үй шаруасымен отырған әйелдер бар, соларға өте үлкен мүмкіншілік ашып береді. Kaspi Жұмадан 3-4 қана жабдықты алып, сонымен кішігірім кәсібін бастап кете алады. 

Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесіне логистикалық компаниялар да қызу дайындалуда. Бүгінде тапсырыстарды еліміздің барлық өңіріне үздіксіз жеткізуге 10 мыңнан астам адам қатысады. Қызметкерлерге роботтар да көмекке келеді. Kaspi-дің Алматыдағы серіктесі - Zammler компаниясының ірі логистикалық хабында жаңа автоматтандырылған сұрыптау жүйесі іске қосылуда. Енді тапсырыстар жылдам бөлініп, өңдеу уақыты азаяды. 

Ғабидулла Қолдасбаев, Алматы аймақтық хабының жетекшісі:

- Бұл біздің алғашқы Kaspi Жұмамыз болады, осы роботтарымыз бізге көмектескен. Оның негізгі атауы – либао роботикс. 2000-ға дейінгі тапсырысты өңдей аламыз. Алдын бұл процессті біз қол лентасымен өткізуші едік. 10-12 адам қажет болатын. Қазір біз уақтылы, қалған мөлшерде, көлемде жеткізе аламыз. 

Киім, жиһаз, тұрмыстық техника, спорт жабдықтары, қалыңдықтың жасауы, Қазақстан мен шетелге турлар. Kaspi Жұмада миллиондаған тауар мен қызметке 50%-ға дейін жеңілдік және жоғары бонустар ұсынылады. Kaspi Жұма – қазақстандықтарға керегін ең тиімді сатып алатын кезең. Ал экономика үшін сауданың өсуіне серпін мен отандық өндірушілерге үлкен қолдау.