Елімізде ауыл әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен жалғасын табуда.
21-ші маусымда Қызылорда облысындағы 1 қала, 3 ауылдық округ пен 1 елді мекенде әкім сайланады. Нақтырақ айтқанда, Арал қаласы, Шиелі кенті және Шиелі ауданының Жиделіарық ауылы, Жалағаш ауданындағы Ақсу мен Жаңаталап ауылдық округтерін қамтиды.
Барлық сайлау учаскелері жексенбі күні таңғы сағат 7-де ашылады. Жергілікті сайлау комиссиялары дауыс беруді өткізуге толық дайын екендерін мәлімдеді.