Төрт күн бойы Қазақстандағы ең ауқымды сауда науқандарының бірі – жазғы Kaspi Жұма өтті. Миллиондаған тауар, жүздеген мың кәсіпкер және мыңдаған тиімді ұсыныс. Ірі брендтер, қазақстандық өндірушілер мен қолөнер шеберлері өз өнімін ұсынса, сатып алушылар 50 пайызға дейінгі жеңілдікті пайдаланды.
Керамикадан жасалған этноәшекейлер шығаратын Meraly (Мерали) бренді арнайы жеңілдіктер жариялады. Бірегей қолөнер бұйымдары тек Kaspi Жұма кезінде 25%-ға тиімді бола түсті. Әрбір сатып алушыға арнайы білезік сыйға берілді. Компания өкілдерінің айтуынша, Kaspi Жұма сатылым көлемін екі есеге арттырып, жаңа тұтынушыларды табуға мүмкіндік береді.
Меруерт Орынбек, Meraly брендінің негізін қалаушы:
- Kaspi Жұма біздің халыққа өте қажет, той сияқты өтетінін білеміз. Біз де осы келе жатқан Kaspi Жұмада бір мереке сияқты болсын деп клиенттерге сыйлықтарды ойлап таптық. Қазір жаз ғой, соған анкликтерді ойластырдық. Біз оны біздің клиенттерге сыйлыққа береміз.
Қазақстан бойынша кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту, жаңа клиенттер табу және сатып алушыларға жақындай түсу үшін Kaspi.kz-ті пайдаланады. Ал тұтынушылар өздеріне қажетті тауарларды барынша тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Әділжан Құрбанов, Intertop дүкенінің сатушысы:
- Kaspi Жұма біздің сатылымдар өсіп жатыр, жалпылама чектар өсіп жатыр. Kaspi Жұма әр бизнеске пайдасы өте үлкен деп ойлаймын.
Осы күндері логистикалық компаниялар да белсенділік танытты. Жұмысқа қосымша қызметкерлерді қабылдап, шағын сәлемдемелерден бастап ірі тауарларға дейін еліміздің түкпір-түкпіріне жүк көліктері, пойыздар және ұшақтармен жеткізді.
Дидар Жекебатыр, Aquila Logistics компаниясының қызметкері:
- Kaspi Жұмадағы негізгі мақсатымыз – өз клиенттерімізге доставканы ертерек жеткізіп беру. Осы Kaspi Жұмада штаттық режимді екі есеге арттырамыз. Күнделікті өзім 20 заказ тасып жүрсем, Kaspi Жұмада 40 заказға дейін доставка жасаймын. Кейбір адамдардың заказдары жақындарына подарок ретінде беріледі. Әр клиентімізге, әр заказға ерекше қуанышпен қараймыз.
Айзада Мұсақұлова, сатып алушы:
- Kaspi Жұмадан балама велосипед алып жатырмын. Велосипед балама өте ұнады. Қызметтері де өте жақсы. Маған қатты ұнады. Өте ыңғайлы, жақсы, өте керек.
Бұл күндердің тиімділігі қазақстандық курорттарда да сезілді. Брондаушылар мен саяхаттаушылар саны артып, ішкі туризм аймақтардың дамуына қосымша серпін берді.
Әйгерім Найзабекова, Home Club демалыс орнының әкімшісі:
- Осы жылы Kaspi Жұма арқылы біз көп сатылым жасадық. Kaspi Travel арқылы осы біздің комплексті бүкіл Қазақстаннан көріп, біліп, танып, елдер келіп жатыр. Бүкіл қазақстандағы туризмге Kaspi Travel өте көп көмек көрсетеді. Осылай ақырындап дамып жатырмыз. Иә, Kaspi Жұмаға рақмет.
Kaspi Жұма енді жәй ғана жеңілдік күндері емес. Бұл миллиондаған қазақстандық үшін тиімді сауда жасау мүмкіндігі және отбасылық шеберханадан бастап, ірі дүкендерге дейінгі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер. Дәл осы күндері сауда, өндіріс және логистикада ауқымды өсім тіркелді.
Әнуарбек Мырзатайұлы