Балқаш жағалауының инфрақұрылымын жақсартуға ₸31 млн бөлінді

  • 6
  • 26.06.2026, 19:46

Алматы облысындағы Үлкен ауылына демалуға баратын тұрғындар жергілікті атқарушы билік өкілдерінен Балқаш жағалауының инфрақұрылымын жақсартуды сұрап отыр. Өйткені онда заманға сай демалыс орындары жоқ. Жол жағдайы нашар, жарықшамдар мен ауызсу құбыры, кәріз жүйесі тартылмаған. «Бұл туризмді дамытуға кері әсер етеді», - дейді демалушылар.

Үлкен ауылы Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Демалыс күндері онда Алатау баурайындағы ірі мегаполис пен Алматы, Жамбыл облыстарынан жүздеген адам келіп кетеді. Балқаштың оңтүстік жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 31 млн теңге бөлініп, жоба жасала бастады. Оған Үлкеннен көлге дейін тасжол төсеу, электр бағаналары мен ауызсу құбырын тарту және кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары кіреді.