Жаңартылған Ата Заңмен бірге мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа кезеңі басталды. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келіп, мемлекеттің саяси жүйесінің жаңа парағын ашады. Алдымызда заман талабына сай жаңа міндеттер тұр. «Олардың негізгісі жаңа экономикалық модельге көшу, толық цифрлық мемлекетті қалыптастыру, елдің энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетін нығайту, коммуналдық саланы жаңғырту және адами капиталды дамыту», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Ел азаматтары жаңа Ата Заң туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Сауалнама:
- Жаңа заңда негізгі басымдық адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, құқықтық мемлекетті дамыту көзделген және өзіміздің ұрпағымыз мақтан тұтатындай болашақты бірге құруды жалғастыруымыз керек.
- Жаңа Конституцияның қабылдануы Отанымыздың жастарына өздерінің көптеген игі бастамалары, істерге немесе өз саласындағы қызметке, кәсіпке өздерін көрсете алуына үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз. «Жаңа Конституция – біз үшін үлкен мүмкіндік», - деп білеміз.
- Қазақстанның жаңа Конституциясы қолданысқа еніп жатыр. Бұрынғы Конституцияда жалпы халықтың, жалпы қоғамның барлық аспектілері ескерілді. Дей тұранмен де, 21-ғасырда өмір талабына сай белгілі бір өзгерістер қажет болды. Ол өзгерістер енді және ол өзгерістер заңнамамен бекітілді.