Сарапшылар жаңа Ата заңды саралады

  • 47
  • 01.07.2026, 19:55

Жаңа Ата заң еліміздің құқықтық негізін қалыптастырады. Құжат мемлекеттік институттар мен қоғамдық қатынастарды одан әрі дамыту бағыттарын белгілейді.

Астанада бас қосқан сарапшылар Конституция нормаларын іске асыруды, сондай-ақ оларды қолдану тетіктерін талқылады. Айтуларынша, Ата заң Преамбуласында елдің даму бағдары білім-ғылым, инновация және мәдениет құндылықтарымен тікелей байланыстырылған. 

Азамат Байғалиев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасының орынбасары:

- Отбасылық құндылықтарды қорғау Конституцияда анық жазылған.  Бұл – басты міндет.  Яғни Ата заң  балаларды, азаматтарды қорғайды. Егер сіз кенеттен өз құқыңыз қандай да бір жолмен бұзылғанын сезсеңіз, қашанда осы құжатқа жүгіне аласыз. Яғни жаңа құжатты халықтық құжат деп айтуға әбден болады.