Олжас Бектенов Қазақ ұлттық спорт университетінің жұмысымен танысты

  • 34
  • 03.07.2026, 19:34

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы жаңа Қазақ ұлттық спорт университетінің жұмысымен танысты. Оқу орны спорт журналистикасы, киберспорт және жасанды интеллект бағытында жаңа буын мамандарын даярлайды. Үкімет басшысына жаттығу сапасын арттыратын smart-зертханалар мен қазақ күресін дамытуға арналған отандық ғылыми жобалар таныстырылды.Олжас Бектенов бұл университет білікті мамандарды даярлаудың озық өңірлік орталығына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақ ұлттық спорт университеті шетелдік серіктестермен бірлесіп, қосдипломды білім беру бағдарламаларын іске асырады. Мұнда спорттық медицина және оңалту орталығы да дамып келеді. Ол спортшыларды диагностикалау, емдеу, қалпына келтіру және ғылыми қолдаудың заманауи технологияларын біріктіреді.

Тұрсынзада Қуанғалиева, Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры:

– Біздің университет инновациялық білім беру бағдарламаларын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен қосдипломды бағдарламалар арқылы жүзеге асырып келеді. Соның арқасында әлемнің озық технологиялары мен үздік білім беру тәжірибесін елімізде енгізіп жатырмыз. Биыл, 10 шілдеде, Францияда біздің алғашқы түлектеріміз екінші дипломдарын алады.