Биыл Астанаға – 28 жыл

  • 49
  • 06.07.2026, 19:32

Бүгін мемлекеттік мереке - Астана күні. Тура 28 жыл бұрын қалаға елорда мәртебесі берілген болатын. 1997 жылы елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданып, 1998 жылы 6 мамырда атауы Астана болып өзгертілді. Содан бері бас қала тек Орталық Азияға емес, әлем мойындаған ірі мегаполиске айналып үлгерді. Мәдениет пен инновацияның, білім мен толеранттылықтың және цифрлық шешімдердің ордасы ретінде танылды.

Бүгінде қаланың мәртебесі Конституциялық заңмен айқындалып отыр. Енді Астананың саяси, мәдени, әкімшілік және экономикалық орталық ретіндегі рөлі күшейеді. Қазір мұнда 1,7 миллионға жуық адам тұрады. Мерекеге орай елордада 200-ден астам іс-шара жоспарланған.