Елде 12,5 млн-нан астам азамат дауыс беруге құқылы

  • 43
  • 06.07.2026, 19:35

Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына қызу дайындық басталды. Сайлаушылар тізімі 2 тамызда учаскелік сайлау комиссияларына беріледі, ал 7 тамыздан бастап азаматтар өздері туралы деректердің дұрыстығын және сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады. 

Қазақстандықтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында онлайн-сервистердің жұмысын қамтамасыз ету және сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы ақпарат беру мақсатында call-орталықтар іске қосылады. Ал саяси науқан кезінде сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшелер. Азаматтар әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алады.

Индира Уралова, заң ғылымдарының докторы:

- Дауыс беру арқылы біздің мүддемізді үкіметтік құрылымдарда нақты кімдердің қорғайтыны айқындалады. Бұл аса маңызды жаһандық процесс. Азамат дауыс беру арқылы өз ұстанымын білдіреді. Жеке тұлға мен қоғам мемлекеттік аппаратқа емес, керісінше мемлекеттік халық пен жеке адам үшін қызмет атқарады. Осындай құқықтық, демократиялық өзара іс-қимыл моделі сайлауда айқын көрініс табады. Сондықтан сайлау институтының орны ерекше маңызға ие.