Саяси науқан қыза түсті. Астанада «Ауыл» партиясының да кезектен тыс 26-шы съезі өтіп, алда атқарылар қызметтің негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданды.
Жиынға ел өңірлерінен 200 адам қатысқан. Съезд делегаттары партияның сайлауалды бағдарламасын, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін және саяси кеңестің жаңа құрамын бірауыздан бекітті. Белгілі болғандай, тек депутаттыққа 69 адам үміткер. Партия негізінен ауыл шаруашылығының дамуы, ауыл тұрғындары мен еңбеккерлерінің мүддесін қорғауға басымдық бермек
Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты:
- Кандидаттардың тізімі біраз уақыттан бері талқыланды. Ұсыныстар әр өңірден, орталықтан және әр саладан берілді. Гендерлік саясатты да біз зерттедік, реттедік. Басым бағыты – ауыл тұрғындарының жағдайы. Ауылдық жол, отбасылық саясат – оның бәрі де біздің сайлауалды бағдарламаға кірген.