Ата заң - тәуелсіз ел тұғыры

  • 44
  • 06.07.2026, 19:37

Жаңа Конституция адам үшін қызмет етеді. Оның құқығы мен еркіндігі, мүддесін басты орынға қояды.

«Бұдан бөлек, отбасы құндылығы да басым бағыттардың қатарында», - дейді қоғам қайраткері Наталья Дементьева. Оның айтуынша, елдің басты заңының күшіне енуі – мемлекет үшін жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. 

Наталья Дементьева, қоғам қайраткері:

- Біз жаңа Конституцияны демократияландырылған яғни, адамға жақын, адамның құқықтарын қорғайтын басты заң деп түсінуіміз қажет. Өзім үшін ең жақыны – әрине, бүкіл Конституцияда жазылған заң үстемдігі қағидаты. Заң үстемдігі дегеніміз – ол «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Әділетті Қазақстан» құру деген принципі басты орнында тұр.