Конституциядағы өзгерістер тұрғындар арасында да қызу талқылануда. Олардың пікірінше, бұл түзетулер елдің одан әрі дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Астана тұрғындары алдағы өзгерістер қоғам өміріне оң әсер ететініне сенімді.
Сауалнама:
- Заңның өзгергені жақсы. Жаңа бастама, жаңа Қазақстан, жастардың мүддесін қорғайды, жақсы ғой.
- Өте тиімді шешімдер қабылданды. Кәсіпкер ретінде біз үшін қолайлы ұсыныстар болды. Балалардың білім алуына және үйірмелерге қатысты өзгерістер енгізілді. Сондықтан осының бәрі жүзеге асса, тіпті керемет болар еді.
- Жалпы Құрылтай деген болады. Құрылтайдың басқа да міндеттері халыққа деген пайдасы зор деп күтеміз. Елімізге, болашағымызға, осындай өсіп жатқан ұрпақтарға пайдалы жағынан өте көп мүмкіндіктер бар деп ойлаймыз.
- Жалпы заңда жақсы өзгерістер бар ғой. Ел үшін қызмет ететін заң болсын деп тілейміз.