Қазақстандықтардың 87% елдің саяси бағытын қолдайды. Мұндай мәліметті DATAmetrics таратты. Зерттеу компаниясы 13 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сауалнама жүргізген.
Респонденттердің 75%-ы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 мың тұрғын қатысқан. Олардың жартысынан көбі «Әділет» партиясына дауыс беретіндерін айтқан. Одан кейінгі орындарды «Ауыл», «Ақ жол», Respublica, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Қазақстан халық партиясы» және «Байтақ» партиялары алды. Сонымен қатар респонденттердің бестен бірі әлі шешім қабылдамаған.